ОҚО-да 52 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары біріктірілді

Елбасы биылғы халыққа жолдауында «Агро сектор – экономиканың жаңа драйверіне аналуы керек» деп нақты тапсырма қойды. Осыған орай, үкімет «Агроөнеркәсіптік кешенін 2017 – 2021 жылдарда дамытуға арналған» мемлекеттік бағдарламасын қабылдадаған болатын. Жобадағы негізгі міндеттердің бірі ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру арқылы салаға серпін беру еді. Игі бастаманы жүзеге асыруда Оңтүстік Қазақстан облысы да белсенділік танытып жатыр. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мен кооперативтердің артықшылықтары туралы жыл басынан бері облыстағы аудан, қалаларда 11 рет ауыл шаурашылығы мамандандырылған көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн.

Семинарда өңір шаруалары ауыл шаруашылығының түрлі бағыттары бойынша, тәжірбиелерін арттырып, шеберліктерін шыңдады. Кооператитверді құру мен несие, субсидия жайында толық мағлұматтар алды. Түсіндірме жұмыстарының арқасында өңірде коопертивтер саны біршама артты. Мысалы өткен жылы облыс бойынша 242 кооператив болса, бүгінгі таңда олардың саны 473- ке жетті. Бұл кооперативерге 52 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары бірікті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*