ОҚО-да су қоймаларын салуға 9 миллиардтан астам қаржы қаралған

 Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жергілікті «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында тікелей эфирде берген сұқбаты барысында айтты. Телеарнада өткен «Әкім сағаты» хабарында өңір басшысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының облыста жүзеге асырылуы бойынша баяндап, аймақ тұрғындарынан келген сауалдарға жауап берді.

         Сұқбат басында әкім облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша баяндама жасап, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау сынды негізгі салалар шеңберінде жеке-жеке тоқталды.

«Облыста биыл алғаш рет жібек шаруашылығы қолға алынды. Өңірге бағытталған инвестиция көлемі 1,6 есеге артты. Елбасы Жолдауында атап айтылғандай ауыл шаруашылығын экономиканың драйверіне айналдыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қазірге 50 мың отбасыны біріктірген 468 аул шаруашылығы кооперативтері құрылды. Тасқын судың алдын-алу әрі егістік алқаптарды суландыру мақсатында өзендердің бойынан 16 су қоймасын жүргізу жоспарлануда. Оған 9,3 млдр. теңге қаралып, нәтижесінде 17 мың алқап суландыру көзделуде. Биыл елді мекендерді газдандыру жіне електр энергиясымен қамту жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылатын болады», — деді әкім.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*