Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде мұнай өңдеу тереңдігі 80 пайызға артып, өнім шығару көлемі жылына 6 млн тоннаға, жанармай өндірісі 3 есе көбейді. Ең бастысы — жанармай сапасы Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық стандартына көшті. Тарихи оқиғаға қатысты өткен салтанатты жиынға Қытай Халық Республикасының CNPC компаниясы Бас директоры Биан Дыжы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, зауыт жұмысына сәттілік тіледі. «Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында елімізді өз мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету керектігін баса айтқан болатын. Осы тапсырмаға сай Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Қазірде аталған бағдарламаның аясында Қазақстанның үш ірі мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін міне бірінші кезеңнің іске асуына куә болып отырмыз», — деді Жансейіт Түймебаев
Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттегі №2 колледж нағыз қоғамға қажетті мамандарды даярлап жатыр
Шымкентте не көп колледж көп. Күнделікті оқу ғимараттарының жанынан өтіп жүрсек те көп мән бере бермейді екенбіз. Бүгін сол кәсіптік бағытта білім беретін №2 колледжге жол түсті. “Кәсібім-мақтанышым” атты колледж студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесімен танысып […]
ОҚО-да дағдарысқа қарсы штаб отырысында жалақы қарызы қаралды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садырдың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар өңірдегі кәсіпорындар мен мекемелердегі қордаланған жалақы қарыздарын жою мәселесін қарады.Мәжілісте сөз алған облыстық еңбек инспекциясы […]
ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа Шымкент қаласының әкімі эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын баяндады. Қала әкімі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу, сондай-ақ карантин режимін қамтамасыз ету және […]
Пікір қалдыру