Астана күні қарсаңында Шымкентте қайта құру жұмыстарынан өткен «Наурыз» саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сайрам тұрғын алабында орналасқан демалыс орнының ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жиналғандарды алда келе жатқан Астана күні мерекесімен құттықтады.«Сіздерді шын жүректен Астана күні мерекесімен құттықтаймын! Сарыарқаның төсінен орын алған бас қаламыз өркениетті алып шаһарға айналып, Астанамыз болашағына бет түзеген байыпты азаматтардың мекеніне айналды. Еліміздің бас қаласы Астана, Алматы қалаларымен бірге Шымкент қаласы да үшінші мегаполиске айналуда. Астана күні қарсаңында ел игілігіне берілгелі отырған бұл саябақ – қала тұрғындарының шаттық пен жандарына сая табатын демалыс орныны болатынына сенімдімін »,-деді Жансейіт Қансейітұлы.Облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға қайта қалпына келтірілген демалыс орнының жалпы аумағы – 8 гектарды құрайды. 1991 жылы құрылған саябақ 26 жыл ішінде бірде-бір жөндеу көрмеген. Алғаш рет тек биыл қайта қалпына келтіріліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО: Арыс қаласында Тұңғыш Президент күніне орай спорт залы ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласына қарасты Көкжиде елді мекенінде 1-желтоқсан Тұңғыш Президенті күніне орай жаңа спорт залдың ашылу салтанаты өтті. Шарада сөз алған қала әкімі Мұрат Қадырбек негізгі мақсат — өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын […]
ОҚО: Еліміздегі ең ірі жылыжай кешені жарты жылда 4 мың тонна өнім жинады
Еліміздегі ең ірі жылыжай кешені осы жылдың жарты жылында 4 мың тоннаға жуық өнім алды. Гектарына 300-350 центнерден өнім алып отырған «Аделя» жылыжайы 16 гектар жерге қызынақ пен қияр егіп, жылына екі рет өнім алып […]
ОҚО-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы 63 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Оңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 жылдар ішінде жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 63,8 мың гектар жер аудан, қала әкімдігі тарапынан мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қатынастары басқармасының […]
Пікір қалдыру