ОҚО-да «Наурыз» саябағын жөндеуге 180 миллион жұмсалған

Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға қайта қалпына келтірілген демалыс орнының жалпы аумағы – 8 гектарды құрап отыр. 1991 жылы құрылған саябақ 26 жыл ішінде бірде-бір жөндеу көрмеген. Алғаш рет тек биыл қайта қалпына келтірілген.Наурыз саябағының осынау жөндеу жұмыстары барысында кіреберісі жаңартылып, жасанды су қоймасының жағасы бекітілді. Серуендеушілерге қолайлы орындықтар қойылды. Көгалды суару мәселесі де шешілген, енді су ұңғымадан алынады. Бұған қоса саябақтың кіреберісі мәрмар тақтайшалармен көмкеріліп, доғасы заманауи үлгіде әрленген. Мұнан өзге, осында орналастырылған жарық шамдар мен  сахна саябаққа сән беріп тұрғаны анық. Демалыс орнының қауіпсіздігін сақтау міндеті жергілікті полиция қызметіне жүктелгенін де айта кеткен жөн. Сонымен қатар, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары үшін қуаныш сыйлайтын барлық жағдайлар жасалған.

Айта кетейік, саябақты қайта құрылымдаумен «Қуат құрылыс» ЖШС айналысқан. Құрылыс жөндеу жұмыстарына 180 миллион теңге жұмсалған.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*