ОҚО-да 1766 мемлкеттік қызметкер аттестаттауда өте жақсы көрсеткішке қол жеткізген

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев хабарлады.Қазіргі таңда,  облыста барлығы 63 комиссия құрылып, өздеріне жүктелген жұмысты жақсы атқарып шығып, аттестаттауды өз деңгейінде өткізген. Өңірде аттестаттаудың тестілеу сатысынан өткен мемлекеттік қызметшіілердің жалпы саны 6483-ке жетеді. Олардың ішінде, атестаттауда өте жақсы нәтиже көрсеткендердің саны 1766-ға жетеді. Ал,  тиімді деген көрсеткішке қол жеткізгендер 4482 болды. Мұнан өзге, қанағаттанарлық деңгейде тапсырғандың саны 222-ге жетіп жығылды. Ең төмен көрсеткішті 13 азамат алған. Бұдан бөлек  аттестаттаудан оң нәтижемен аяқтаған 239 қызметші жоғарылатуға ұсынылғанын айта кету қажет.

Спикердің айтуынша,  аттестаттау барысында ең үлкен жүк ОҚО әкімі аппараты мен Мемлекеттік кірістер департаментіне артылған. Себебі, облыс әкімі аппаратының бірыңғай аттестаттау комиссиясында 946, ал Мемлекеттік кірістер департаментінде 748 қызметші аттестаттаудан өткен.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*