«ОРДАБАСЫ» ЕУРОПА САПАРЫН АЯҚТАДЫ

Бірінші квалификациялық раунды.Европа лигасы. (Қарымта матч).
«Ордабасы» (Қазақстан) — «Широки Бриег» (Босния және Герцеговина) 0:0.
Алматы қаласына ағылған жанкүйердің үміті ақталмады. «Ордабасы» ойындағы басымдыққа ие болғанмен есепке өзгеріс енгізе алмады. Алғашқы 20- минутта қонақтар қақпасы маңынан шықпаған алаң иелері сапынан шабуылға нүкте қоятын шебер ойыншы болмай-ақ қойды.Жарақатына байланысты алаңға шықпаған Нөсербаевтың орнын басады деген Ли бірнеше мүмкіндікті. Іске асыра алмады. Доп тисе желе жөнелетін Нұрғалиев пен Тұңғышбаев жұбы да қорғанысты бұзып өте алмады. Екінші таймда «Широки Бриек» ұйқыдан оянғандай өзінің қырын көрсетіп қойды. Бекбаевтың шеберлігінің арқасында жекпе-жек шыққан шабуылшыға тосқауыл қойылды.Өрескілдікке көп бой алдырған босниялық футболшылар Самат Смақовқа ауыр жарақат салды.Тағы бірде Қақпаға еніп бара жатқан допты ойынға алмасып кірген Ерланов аспандап бара жатқанына қарамай сыртқа шалқалай теуіп шығарды.Осылайша таблодағы есеп 0-0 күйінде сақталып қалды.Бірінші кездесуде «Широки Бриек» өз алаңында 2-0 есебімен жеңіске жеткен еді.Екі кездесудің қорытындысында Босния футболшылары жарысты жалғастырады.»Ордабасының» Еуропаға жасаған алғашқы сапары сәтсіз болды. Қазақстанның қалған командалары намысты қолдан бермей жеңіс жолын жалғай түсті. Өз алаңы емес,өзгенің алаңында ойнаған «Ордабасы» осылайша ауылға салы суға кетіп қайтты. Ендігі мақсат ел чемпионатының қола медалі.
Ілияс Жолдас ,ФК «Ордабасы»

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*