«ОРДАБАСЫ» КЕНШІЛЕРДЕН ҮШ ҰПАЙ ОЛЖАЛАДЫ

«Ордабасы» — «Шахтёр» 1 :0 (0:0)
Голы: Вуяклия Срджан 74 (1:
Ескерту алғандар: Стоянович Милан 25, Ерланов Темірлан 50, Хижниченко Сергей 72.
Ордабасы: Бекбаев Алмат, Диакате Абдулай, Симчевич Александр, Бочаров Никита, Ковальчук Кирило (Вуяклийа Срджан 63), Фонтанелло Пабло, Петрак Оливер, Нөсербаев Таңат (к) (Бейсенов Бекзат 90+2), Аширбеков Қайрат (Ли Виталий 65), Ерланов Темірлан, Тұңғышбаев Еркебұлан.
Резерв: Нурмухаметов Рамиль, Йорданов Преслав, Ирисметов Фархадбек, Мұхтаров Мұхтар, Қожабаев Бақдаулет, Жұмаханов Санат,
Шахтёр: Шацкий Игорь, Стоянович Милан, Сзоке Юлиус, Айегбуси Олукореде (Мангуткин Ильнур 10), Зошак Стефан, Станоевич Марко (к) (Омиртаев Оралхан 78), Хлебоун Якуб, Габышев Михаил, Пикалкин Игорь, Шахметов Марат, Хижниченко Сергей (Таттыбаев Айдос 73).
Резерв: Багинский Ярослав, Васильев Владислав, Алимбаев Руслан, Ермеков Куаныш, Скорых Сергей, Кульбеков Биржан,
Төреші : Айдын Рахимбаев (Алматы), Виталий Дерцапф (Орал), Сергей Попов (Астана) . Резерв төреші : Фуркат Атажанов (Шымкент).
09 шілде, 2017, 19:00 . Шымкент қаласы «Намыс» алаңы. 2500 жанкүйер.Ел чемпионатын сүреңсіз бастаған «Шахтер» командасын баптауға шақырылған Сауляс Ширмялистің келуімен,команда қайта күшейіп өзін таныта бастады. Осыдан болар «Ордабасы» кездесуді өте сақтықпен бастады. Орталық қорғаныста бүгін алаңға тұңғыш рет шығып отырған хорвотиялық Петрак Оливер сынады. Кездесудің бірінші кезеңі алаң иелерінің ықпалымен өткенімен гол салудың реті келмеді. Шабуыл шебіндегі Қайрат Аширбеков пен Таңат Нөсербаев жұбында үйлестік болмады. Қонақтардың қақпашысы Игорь Шацкийдің шеберлігі есепті ашуға мүмкіндік бермеді.
Ойынның екінші кезеңінде Алексей Петрушин шабуыл шебіне тың күш беру үшін екі бірдей футболшыны алмастырды. Оның бірі құрамаға жазғы трансферлік маусымда алынған сербиялық Срджан Вуяклия болатын. Бұған дейін атағы мәлім «Црвена Звезда» командасында өнер көрсеткен шабуылшы өз шеберлігін бірінші ойында дәлелдеп берді. Оның 74-ші минутта айып алаңының ортасынан жасаған соққысы қақпа төрінде тулап жатты. Есеп 1-0.Есепті теңестіреміз деп алға ұмтылған Станоевич пен Айдос Таттыбаевтың тамаша мүмкіндігі болды. Дегенмен Алмат Бекбаев қателікке бой алдырмады. Осылайша Еуролига ойындарынан кейін команда босаңсымай маңызды деген үш ұпайға қол жеткізді. Ойын соңынан болған баспасөз мәслихатында «Ордабасы» командасының бас бапкері Алексей Петрушин:
— Мынадай аптап ыстықта футбол ойнаудың өзі қиын.Соған қарамай қажырлылық танытып үш ұпай иеленгеніміздің өзі үлкен жеңіс.Құрамаға алынған жаңа футболшылар өздерін оң қырынан танытып,құрама ойыншыларымен үйлесім табуда.Біз маусым басталғалы тынымсыз ойындар өткізіп келеміз. Ойын кестелері жиі болғандықтан физикалық жағынан көп қиындық көрдік. Сондықтанда «Ақжайықпен» болатын кездесуге дейін демалыс аламыз.- деді журналистермен болған басқосуда.
Енді жерлестеріміз шілденің 23-күні Орал қаласында жергілікті «Ақжайық» командасымен күш сынасады.Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!
Ілияс Жолдас, ФК «Ордабасы»

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*