Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің конференц залында Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысы болып өтті. Жиында облыс әкімі Ж.Түймебаев сөз сөйлеп, Елбасының бұл мақаласы- мемлекеттік идеологияны анықтайтын басты саяси құжат болып табылатынын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының оңтүстік өңірінде іске асыру жұмыстарының өзектілігін атап өтті.Бүгінде Елбасы мақаласының басым бағыттарын ілгерілету мақсатында зиялы қауым, ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес ұйым өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық кеңестер, депутаттар, БАҚ өкілдері, блогерлер, еңбек ұжымдары, жастардың қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр.Президент мақаласын насихаттау мақсатында арнайы спикерлер топтары жасақталып, БАҚ арқылы қызу қолдау шаралары атқарылып, әлеуметтік желілерде пікірлер жарияланып жатыр. Тіптәі мақаланың мәтіні жазылған кітапшалар, әдістемелік құралдар шығарылып таратылды. Халықты бірлікке, ынтымаққа татулыққа шақыратын және ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптейтін түрлі деректі фильмдер, роликтер әзірлеу қолға алынуда.
Ұқсас жаңалықтар
Төлебиде «Жайдарман – достық мекені» атты жайдарман ойындары болып өтті
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру және талантты жастарды қолдау, достық қарым-қатынасты орнату, жастарды көңілді тапқырлыққа бейімдеу мақсатында аудан әкімшілігі мен ауданыдық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен «Жастар ресурстық […]
ШЫМКЕНТТЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫН ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ БАҚЫЛАДЫ
Шымкентте жастарға арналған шағын несие беру бойынша кезекті комиссия отырысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Жадыра Оразбаева қатысты. Еңбек министрлігі өкілінің бақылауымен өткен жиында жеңілдетілген несие алуға үміткер 35 азамат өз […]
Ақмолалық компания оңтүстіктің 300 азаматын жұмысқа алуды көздеп отыр
Оңтүстіктікқазақстандық 300 азамат Ақмола облысында ірі кәсіпорындардың бірі болып табылатын «Новопэк» компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Мұндай келісімге облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мен «Новопэк» ЖШС-нің басқарушы директоры Айдар Жақыповпен болған екі жақты меморандум аясында […]
Пікір қалдыру