Жаңа жұмыс орындарын ашуда оңтүстіктің шоқтығы биік

Оңтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 30 мыңнан астам, нақтырақ айтқанда, 30348 жұмыс орны ашылған. Жаңа жұмыс орындарының құрылуы бойынша күнгей еліміздегі барлық облыстар ішінде көш бастап тұрнын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ашылған жаңа жұмыс орындарына 4127 азамат жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасыпты. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары хабарлады.Тарқатып айтсақ, 2017 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мәліметке сәйкес, жаңадан ашылған жұмыс орындарының ішінде 1667 орын «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша, 1030 орын «Нұрлы жер»,  115 жұмыс орны «Индустриялды-инновациялық даму»,  396 орын «Бизнестің жол картасы 2020», 18134 орын мемлекеттік салалық бағдарламалар арқылы құрылса, 7627 орын «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы мен 1379 орын «2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған. 

Демек, өңірдегі жұмыссыздық мәселесі өз ретімен шешімін тауып келеді. Әрине, бұл тұрғыда мемлекеттік бағдарламалардың да жемісті жүзеге асып жатқанын мойындау керек, Бұл өз кезегінде оңтүстіктегі халықтың әлеуметтік деңгейінің оңалуына өзіндік сеп болмақ.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*