ОҚО-да биыл 5677 адамды жұмыспен қату көзделіп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 2017 жылдың жоспары бойынша өңірімізде мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 66764 жаңа жұмыс орындары ашылатыны жоспарланып, онда 5677 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.Республикада ашылған жаңа жұмыс орындары туралы мәліметті жинақтаған Алматы мен Астана қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттерінің дәйегінше, бұл саладағы көшті Оңтүстік Қазақстаннан соң Астана қаласы жалғайды. Онда осы жылдың 1 шілдесіне дейін 17 033 жаңа жұмыс орны құрылған. Кезекті одан әрмен тарқатсақ, Алматы облысында 13 020 жұмыс орны, Алматы қаласында 12830, Маңғыстауда 11821, Жамбылда 11643, Атырау облысында 10656, Шығыс Қазақстан облысында 8529 жұмыс орны жаңадан ашылса, Ақтөбеде 8204, Солтүстік Қазақстанда 7668, Ақмола облысында 7217, Павлодарда 7186, Қызылордада 7017, Батыс Қазақстан облысында 5938, Қостанайда 5603, ал Қарағандыда 5493 жұмыс орны құрылған.

Жалпылай айтқанда, Қазақстанда жыл басынан бері жарты жылда 170206 жаңа жұмыс орны құрылса, оның 118240 орны тұрақты жұмыс орнына жатады. Ал ашылған жұмыс орындарының 78 мыңға жуығы ауылды жерлерде ашылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*