Астана қаласында 22-23 шілде күндері «ЭКСПО-2017»халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Осыған орай бүгін ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Астана қаласына жолға шықты. Бұл оңтүстік шаруларының ЭКСПО аясындағы4 — шіжәрмеңкесі.Оңтүстік диқандары бұл жолы қала қонақтары мен тұрғындарына құны 171 млн. теңге болатын 420 тонна өнім жеткізбек. ЭКСПО көрмесінде отандық өнімдеріміз қала тұрғындары мен қонақтарына жәрмеңке түрінде ұсынылғалы отыр. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы халықаралық көрме аясында 6 рет жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр. Аталған жәрмеңкеге дихандар негізінен көкөніс, жеміс-жидек пен бақша дақылдарын көптеп жіберуде. Өйткені шілденің шіліңгір ыстығында осы өнімдерге сұраныс өте жоғары болмақ. ЭКСПО қонақтары дәмі тіл үйірер Шардараның қауын-қарбызы, Түлкібастың алмасы мен Сарыағаштың қызанағынан дәм татады. Ал, жәрмеңкеге барған шаруалар өнімдерін сатып қана қоймай, халықаралық шараны тамашалауға мүмкіндік алады.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік бағбаншылары биыл 86 мың тонна алма жинады
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының бағбандары 86,4 мың тонна алма жинады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы өңірде 654,8 гектар жерге қарқынды алма бауы отырғызылғанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда өңірдегі қарқынды баудың жалпы көлемі 2 800 гектарға […]
В Шымкенте с размахом отметили День столицы
В Шымкенте с размахом отметили День столицы. Не смотря на первоначальную программу, часть мероприятий прошла 5 июля. Так, в парке Абая прошла выставка художников. Живописцы Шымкента представили гостям выставки под открытым небом свои картины, посвященные […]
Оңтүстікте тұрақтандыру қоры азық-түліктің бағасын бірқалыпты ұстап тұр
Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасын тұрақтандыру іс-шаралары өз нәтижесін беруде.Бүгінгі таңда облыста бағаның күрт құбылуы тіркелмеді. Өңірдегі жағдай тұрақты, азық-түліктің жетіспеушілігі байқалмайды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының мамандары хабарлады. […]
Пікір қалдыру