Түркістан қаласының оңтүстік шығыс бетіндегі 45,0 гектар жер аумағына этносаябақ салу жоспарлануда. Этносаябақта ұлттық нақыштағы ойын-сауық орындары, ұлттық тағамдар мен сусындар ұсынатын нысандар, ашық аспан астындағы демалыс орындары мен киіз үйлер орналасатын болады. Осы этносаябақта туристерге орта ғасырлық көшелердің көріністерімен сол кездің мәдениетін тамашалай алатындай мүмкіндіктер жасалады. Сонымен қатар, облысымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштер жөнінде мағлұмат беретін ашық аспан астындағы макеттер орналастырылады. Саябақта ескі тарихи көлшік қайта қалпына келтіріледі.Ал, үшінші кезеңде орталық Есімхан алаңымен Әмір Темір көшесі аралығында С.Қожанов, Байбұрт көшесі, жаяу жүргіншілер арбатты қайта жарақтандырып, жаңалау жоспарда бар. Бұдан бөлек, қаладағы табиғи қорды пайдаланып емдік-сауықтыру туризмін дамыту көзделуде. Өйткені Түркістан қаласы аумағында жер асты термалды су жүйелерінің мол қоры бар. Осы су көздерінің қатарында құрамы «Трусковец» (Украина), «Витаутас» (Литва) және Ново-Ижевская (Удмуртия) емдік жер асты суларына теңдес «Шипа-су» шипажайы орналасқан. Бүгінгі таңда шипажай басшысымен келісіп, мекеменің жұмысын жандандыру үшін тиісті шаралар жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда спорт алаңдары қолданысқа берілді
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласының орталығындағы көпқабатты үйлер ауласынан екі спорт алаңы пайдалануға берілді. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану шін салынған алаңның ашылу салтанатына қала әкімі Әліпбек Өсербаев қатысып, халық игілігіне ұсынылып отырған нысанның маңыздылығына […]
Түркістандағы Яссауи кесенесінде туристік полиция өз жұмысын бастады
ҚР Премьер-министрі А.Маминнің 2019 жылғы 4 наурыздағы тапсырмасы және ҚР-ның туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға сәйкес, туристер көп баратын облыстарда туристік полиция құру жөніндегі жол картасын бекітілген болатын. Осыған орай, […]
Былтыр Бәйдібекте 80-ге жуық нысанының құрылысы жүргізілген
Бәйдібек ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша аудан облыста алдыңғы қатарда келеді. «Өткен жылы аймақта 74 нысанның құрылысы жүргізілді. Былтыр 11519 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2016 жылмен салыстырғанда 106,5 пайызға артқан. 2018-2020 жылдар аралығында […]
Пікір қалдыру