Түркістанда спорт алаңдары қолданысқа берілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласының орталығындағы көпқабатты үйлер ауласынан екі спорт алаңы пайдалануға берілді. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану шін салынған алаңның ашылу салтанатына қала әкімі Әліпбек Өсербаев қатысып, халық игілігіне ұсынылып отырған нысанның маңыздылығына тоқталып өтті. Шаһар басшысы, өз сөзінде Елбасының бұқаралық спортты дамытуға басымдық бергенін және дені сау ұлт – болашағы кемел мемлекет негізі екенін атап өтіп, осы бағытта мемлекет басшысының саясатын іске асыру барысында қарқынды жұмыстар жүргізіле беретіндігін жеткізді.Спорт алаңдарының бірі Тоқаш Бокин атындағы көше бойындағы көп қабатты үйлер ауласында бой көтергенін айта кеткен жөн. Ал, екіншісі Сауран мөлтек ауданындағы 35 «а» үйінің алдынан салынып ел игілігіне берілді. Жасанды жұмсақ жамылғымен көмкерілген ойын алаңының жиегі 7 метр биіктікте қоршалған. Балалардың қуанышын еселеген бұндай алаңдар құрылысы алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*