Түркістан қаласының әкімі журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

28 маусым-Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні орай, киелі Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев жергілікті ақпарат құралдарының өкілдерін ксіби меркесімен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді. «Байланыс және ақпарат қызметкерлері ел игілігі жолында тер төгіп келе жатқан мемлекетшіл жандар десем артық айтқандық емес. Атқарушы биліктің де, ақпарат құралдары өкілдерінің де мақсаты бір, ол – келешегі кемел Мәңгілік ел үшін қызмет ету. Сол қызмет барысында бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен көкейкесті әлеуметтік түйіндерге назар аударып, оларды бірігіп шешу арқылы оң нәтижелерге қол жеткізіп келеміз», — деді шаһар басшысы Әліпбек Өсербаев.Сондай-ақ, ол Ұлы мақсаттарға қол созған мемлекетіміздің алға қарай ілгерілеуіне бүгінгіден де жоғары қарқынмен атсалысуға шақырды. Мерекелік шарада қала әкімі Әліпбек Өсербаев осы саладағы белсенді қызметкерлерді марапаттап, сый-сияпатын тапсырды. Бұдан соң ақпарат құралдары өкілдерінің мерекелік шарасы қала басшылығы ұймдастырған дастархан басында жалғасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*