Түркістан қаласының әкімі мемлекеттік қызметшілерді марапаттады

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Түркістан қалалық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара болып өтті. «Мемлекеттік қызметкер ол саналы ғұмырын халық игілігіне арнаған жан», — деп баға берген қала әкімі Әліпбек Өсербаев көпшілікке ыстық лебізін жеткізіп, мерекелі күннің қуанышын еселей түсті.Сондай-ақ қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев мемлекеттік қызметкерлердің еңбекке белсенді араласатын жастағы азаматтар екендігіне ерекше тоқталып, мемлекетіміздің болашағы нақ осы азаматтар екенін ерекше айтып өтті. Сонымен қатар, олардың істеріне сәттілік, отбасыларына амандық тіледі.
Түркістан қалалық мәдениет үйінде өткен шараға қатысқан мемлекеттік қызметшілер елге еткен еңбектің қайтарымы – шексіз алғыс екеніне тағы бір көз жеткізді. Қызмет барысында белсенділігімен танылған азаматтар осы күні қала әкімі Әліпбек Өсербаевтың алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапатталды.
Салтанатты шара барысында қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, жиналғандарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*