«Оңтүстік ғажайыптары» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Жаңа Дәуір» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Журналистер Одағының облыстық филиалы өзара ынтымақтастықта 2017 жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында ұйымдастырылған Әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы үздік жазбалар бойынша «Оңтүстік ғажайыптары» атты облыстық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Қайрат Сүлейменов, Қазақстан Журналистер Одағының ОҚО филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова, Жаңа Дәуір» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, «Отырар» телеарнасының редакторы Зәуре Оралбаева және басқа да және БАҚ өкілдері, журналистер мен блогерлер қатысты.

Байқауға қатысушы 35 үміткер ағымдағы жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тарихы мен шежіресін, ұлы тұлғалар мен олардың туындыларын насихаттау бойынша өз жұмыстарын жариялаған болатын. Нәтежиесінде 16 үміткердің әлеуметтік желіде жариялаған посттары іріктеліп алынып, арнайы комиссияға ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша:

І-орын жүлдесі (300 мың теңге) 2 адамға бұйырды.

Олар: Кеңес Исмаилов және Дастан Басширов.

ІІ-орынды (200 мың теңге) 3 қатысушы иеленді:

Өмір Шыныбекұлы, Бейбіт Бертаев және Сабит Сапарбеков.

Ал ІІІ-орын (150 мың теңге) Мыңбаева Сұлухан, Амитова Айгүл, Архабаева Жібек және Ахметов Төлегенге табысталды.

Сонымен қатар, ереже бойынша байқауға қатысқан 7 үміткерге ынталандыру сыйақысы (100 мың теңге) берілді.

Олар: Айманбетов Дәурен, Жайлауов Тоған, Ғаниқызы Ақмарал, Сейдазимов Ержан, Сыздық Ерлан, Мүтәлиев Хамид, Сауранбеков Мейірман.

Шара барысында ең көп (92 пост) жазған танымал журналист Кеңес Исмаилов бұл байқаудың жазбаларын өзге облыстағылар және шетелдіктердің де қызыға оқығанын айтты. Ал тарихшы, байқаудың белсенді қатысушысы Өмір Шыныбекұлы «Оңтүстіктің ерекше жерлерін әлі де болса көбірек насихаттау керек. Бұл өңіріміздің әлі ашылмаған жаңа қырларын танытуға мүмкіндік береді. Мәселен, байқауда кітапқа түспеген мәліметтер айтылды. Бұның өзі көп нәрсені аңғартса керек» — деді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*