Киелі Түркістанда 71 шақырым жол мен 11 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Киелі Түркістан шаһарындағы 71 шақырым жол мен 1 көпірдің (21 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жасалады. Сонымен қатар, қаладағы 59 шақырымнан астам жол мен 3 көпірдің (5 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу 2017 жылға көзделіпті отыр. Мұнда 2 ірі жоба — Теке және Жалантөбе елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 26,1 шақырымды құрайтын КХ-84 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұған қоса, Ойық және Ащысай елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 33,1 шақырымды құрайтын КХ-56 автомобиль жолына да күрделі жөндеу жұмыстары жасалады деп күтіліп отыр. Мұнан өзге, 2017-2018 жылдар аралығында ұзындығы 53 шақырымнан асатын 2 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылатынын айта кеткен жөн. Аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Қазақстанның 30 жылдығы, Шаға, Қосқорған, Еңбекші Диқан, Ескі Иқан, Ақтөбе және Ибата елді мекендерінен өтеді. Егер, жоғарыда айтылған жобалар атқарылар болса, Түркістанның инфроқұрылымы анағұрлымға жақсарып, көне қаланың туристтер қабылдайтын мүмкіндіг артары хақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*