Түлкібас пен Төлебиде 200 шақырымға жуық жол құрылыс-жөндеуден өтеді

Таулы Түлкібас ауданында 16 нысан немесе 72 шақырым жол мен 2 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары және 3 нысанның немесе 16 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге сала мамандары қазірден-ақ кірісіп кетті. Аталған жоба шеңберінде ұзындығы 7 шақырымды құрайтын Тұрар Рысқұлов, Шұқырбұлақ және Түлкібас елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-64 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары жүргізіледі.Ал, Төлеби ауданы аумағында 2017 жылы 33 нысанның немесе 112 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 5 нысанның немесе 4 шақырымнан астам жол мен 3 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, 2017-2018 жылдар аралығында 52 шақырымды құрайтын 2 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылып отыр. Аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Киелітас ауылы мен Достық елдімекенінен, Ленгір қаласынан және Момынайдан өтеді. Оған қоса, Екпінді, 1-Мамыр, Ынтымақ, Нысанбек, Алатау және Диханкөл елді мекендерін де қамтып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*