Шымкент қаласындағы ретсіз сауда мен базарларды жойып, заман талабына сай сауда орындары мен алып дүкендердің құрылысын қолға алуымыз керек. Осыған сәйкес қаланың бас жоспары бойынша ірі базарлардың бәрі қала сыртында орналасатын болады. Бүгін бұл туралы қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралау барысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Шымшаһарды аралаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, күтпеген жерден Рысқұлов пен Дулати көшелерінің қиылысында орналасқан «Қазыбек» әмбебап базарына аялдаған болатын. Базар маңындағы құжынаған халық пен ешқандай санитарлық талаптарға жауап бермейтін жүйесіз сауда реттерін көрген әкім базар жыл соңына дейін қала сыртына көшірілетінін айтты. Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасына сәйкес Шымкентті ірі мегаполиске айналдыру бойынша жаңа жобалардың қолға алынып жатқанына тоқтала кеткенін де айтқан жөн. Аталған базарды қала сыртына көшіруді жыл соңына дейін шешуді қала басшылығына тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте түн ортасына дейін жұмыс істейтін ХҚКО ашылды
Қазақстанда түн ортасына дейін жұмыс істейтін тағы екі ХҚКО пайда болды. «Азаматтарға арналған үкіметтің» ХҚКО-лардың түн ортасына дейінгі жұмысы бойынша пилоттық жобасы жалғасуда. Енді мемлекеттік қызметті алуға өтініш беру немесе дайын анықтаманы алу мүмкіндігін тек […]
Шымкенттік мұғалім «Үздік педагог» атанды
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң қазақ тiлi және әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi Бекжан Көпбосынов «Үздiк педагог – 2017» республикалық байқауының жеңiмпазы деп танылып, 2 млн. теңге сыйақыға ие болды. Мектеп мұғалiмдерi арасында өтетiн дәстүрлi […]
В канун дня столицы в Шымкенте запустили 9 инвестиционных проектов
В онлайн-церемонии открытия принял участие аким города Мурат Айтенов. Он вышел в прямой эфир с представителями новых производств и пожелал удачи коллективам. «Шымкент считается центром торговли, промышленности и культуры. Сегодня, в канун Дня столицы, […]
Пікір қалдыру