ОҚО әкімі Шымкент қаласындағы құрылыс нысандарын аралап көріп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді

Шымкенттегі құрылыс нысандарын аралаған облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, әкімшілік іскерлік орталығындағы коммуналдық арендалық тұрғын үйлер мен 1200 орындық мектептің құрылысымен де танысып шығып, атқарылған шаруаларға оң бағасын берді.«Облыс орталығындағы негізгі мәселелердің бірі баспана. Сондықтан қала орталығында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын көптеп жүргізуіміз қажет. Екінші мәселе – газбен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда қаланың 70 пайызын жеке әрі жер үйлер орналасқандықтан олардың инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз ету  аса көп шығынды талап етіп отыр»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.Мұнан соң Оңтүстік Қазкақстан облысының әкімі Астана даңғылының құрылысы жүріп жатқан аумаққа келді. Себебәі, бұйыртса мұндағы құрылыстың бірінші тармағы жақын арада, яғни биыл аяқталады екен. Сонымен қатар, Астана даңғылы Арғынбеков көшесіне қосылуы тиіс екенін де айта кетейік. Ал, келесі жылы құрылыстың екінші кезеңі жүзеге асырылады: Ол кезде Астана даңғылы Өтегенов көшесіне дейін созылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*