ОҚО әкімі Шымкенттегі «Қазыбек» әмбебап базарын Бозарық жаққа көшіруді тапсырды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласын аралап жүріп, күтпеген жерден Бәйдібек би және Қонаев көшесінің қиылысында орналасқан «Қазбек» әмбебап базарына соқты. Саудагерлермен тілдескен әкім базарды жыл соңына дейін Бозарық шағын ауданы маңында салынып жатқан жаңа базарға көшіруді тапсырды.Сонымен қатар, қала аралау барысында облыс әкімі   Байтұрсынов көшесіндегі жылу магистральды  құбырларын алмастыру барысын да көріп шықты.  Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Байтұрсынов-Сапарбаев-Рысқұлов көшелеріндегі магистралды жылу құбыры ауыстырылып жатқанын айта кеткен жөн.  Бұл мақсатта құрылыс жұмыстарына қазынадан 888,4 миллион теңге бөлінген.  Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер — «Сити-строй» ЖШС.  Жөнделетін учаскенің жалпы ұзындығы — 5,2 шақырым. Қазіргі таңда жұмыс 4 шақырымнан астам жерде жүргізілген. Әбден тозығы жетіп, шіріген құбырлар қапталған жаңа құбырға ауыстырылуда. Олар тат баспайды және жарық пен тесік пайда болған жағдайда хабар беретін құралмен жабдықталған.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*