Әбсаттар қажы Дербісәлі Үндістанның Кашмир қаласынан Яссауи бабамыздың 5-6 ұрпағын тауыпты. Испания астанасы Мадридтен де Яссауиге қатысты тарихи жәдігер – Яссауи трактатын тапқан жазушы қазіргі Сайрам ауданынан шыққан үш оқымысты – Низамиддин әз Сайрами, Әбдірахман әз Сайрами, Сайфаддин әз Сайрами есімді ғалымдардың еңбектерінің көшірмесін алыпты. Шығыстанушы бұл жөнінде Жансейіт Қансейітұлымен кездесу барысында баяндады. Бұл жаңалықтары туралы халықаралық үлкен басқосуларда баяндап жүрген ғалым бұл мәліметтер түп-тұқиянымыздың тереңдігін нақтылауда болашақ ұрпақ үшін өте құнды дүние деп біледі. Сонымен бірге, өз сөзінде, ежелгі Отырар қаласынан 30 Фарабидің шыққанын алға тартқан Ә.Дербісәлі Қазақстанның әрбір қаласы, соның ішінде Оңтүстіктегі әрбір шаһар терең тарихи сырды қойнауына бүгіп жатқанын меңзейді. Демек, алаштың дархан даласы қазына, байлығынан бөлек, рухани байлығы тасыған мекен екенін өз еңбектерімен тағы бір дәлелдеген шығыстанушы келешек ұрпақ үшін әлі де ізденуден талмайтынын жеткізді. Жазушының еңбектерімен танысқан Жансейіт Қансейітұлы шығыстанушының Оңтүстікке қатысты еңбектерін жергілікті басылым беттері мен жеке баспаларда жариялап, ұлттың рухани байлығын толықтырып, оны көтеру жөнінде жауапты басшыларға тапсырма берді. Өз кезегінде, Әбсаттар Бағысбайұлы бұл нұсқауды Мемлекет басшысының рухани жаңғыру мақаласындағы тапсырмаларын жүзеге асыруда жақсы бастама екенін тілге тиек етті. Одан соң, шығыстанушы Оңтүстіктің белсенді жастарымен кездесіп, руханият саласында пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
Сайрамда кәсіпкерлік қанат жайып келеді
Сайрам ауданындағы «Бірлік-4» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кешен. Сонымен қатар бүгінде мұндағы көкөніс сақтайтын қойманың құрылысы аяқталған. Өндірістік кешендердің ҚМЖ 2017 жылдың 4-ші тоқсанында аяқталады. Сонымен қатар 4 тоқсанда Германия және Қытайдан […]
ОҚО: Сайрамдықтар өсімдік майын өндіруде
Кәсіпкерлік саласымен түрленіп, кәсіпкерлікті дамытуды жолға қойған Сайрам ауданы ендігі кезекте өсімдік майын өндіруді қолға алған. Бұл өңір өнеркәсіптің екі бағытын да дамытуда. Атап айтқанда, аудан өнеркәсібінің 84%-н өңдеу өнеркәсібі құрайтындықтан жаңа кәсіпорындар ашу есебінен […]
ОҚО-да жаңа су электр станциясы іске қосылды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында «Манкент» шағын су электр станциясы іске қосылды. Халықты тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтитын су электр станциясының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Ақсу-Энерго» ЖШС-нің директоры Анарбек Орман қатысты.Облыста […]
Пікір қалдыру