ОҚО әкімі Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев елімізге белгілі шығыстанушы, дінтанушы азамат Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті. Басқосуда тараптар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жөнінде әңгімелесіп, Оңтүстіктің тарихы, әдебиеті мен мәдениет, ұлттық бірігуі жайлы сөз қозғады.сурет yvision.kz сайтынан алынды

Руханият саласында талай жылдардан бері түрлі зерттеулер жүргізіп келе жатқан әдебиет зерттеушісі облыс әкімі Жансейіт Түймебаевты соңғы уақытта жарыққа шыққан еңбектерімен таныстырып, Оңтүстікке қатысты шығармалар топтамасын ұсынды. Оннан астам тарихи-филологиялық зерттеулер мен эсселердің, очерктердің авторы Ә.Дербісәлімен болған екеуара әңгімеде өңір басшысы ғалымның болашақ ұрпақ үшін үлкен іс атқарып жүргенін айтты.

Мұнан өзге шығыстанушының зерттеуінше, барша тарихшылар айтып жүргендей Қожа Ахмет Яссауи Түркістаннан шыққан ең алғашқы ғалым емес, одан 100 жыл бұрын Абдулла Әли Яссауи атты оқымысты дүниеден өткен екен. Яғни, бұл азамат 1094 жылы қайтыс болған деп болжайды Әбсаттар қажы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*