ОҚО әкімі 50 жеңімпаз оқушымен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2016-2017 оқу жылында халықаралық, республикалық пән олимпиадалардың және өнер мен спорт жарыстарының жеңімпазы болған 50 оқушымен кездесті.Кездесу барысында аймақ басшысы жеңімпаздарды халықаралық, республикалық жетістіктерімен құттықтап, бұл жеңістің – олардың таудай талаптан, асқан төзімнен, ынта мен ықыласынан туған жеміс екендігін атап өтті. Сондай-ақ, балалардың бұл жеңісінде ата-аналар мен ұстаздардың қосқан үлесі мол екенін жеткізді.«Облыс мерейін асырған талапты түлектер – Сіздерге және Білікті ұстаздарыңызға алғысым ерекше. Елімізді «Мәңгілік ел» жасауда нағыз болашақ қозғаушы күш ол жастар. Білім беру — қашан да ата-ананың бала алдындағы қастерлі қарызы, тұтас қоғамның ұрпақ алдындағы қасиетті парызы. Ал білім алу — ертеңінің еңселі болғанын қалайтын қай жанның да жүрекке түйген борышы. Өткен 2016 жылы түлектеріміз Астана – Алматы қалаларымен теңдей иық теңестіріп, ҰБТ көрсеткіші бойынша Республикада 18 оқушы ең жоғары 125 балға қол жеткізсе, соның ішінде 6 оқушы біздің облыстың түлектері. Бұл үрдіс бәсеңдеп қалмай, алдағы ҰБТ нәтижесі бойынша Сіздер жоғары көрсеткіш көрсетіп, облыстың мақтанышы болады — деп сенемін»,-деді әкім.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*