Жетісайлық «таксист» жігіт Бейсен Құранбекке не үшін ақша берді?

Күнделікті «Қазақстан» РТРК-ның эфирінен шығатын «Айтуға оңай» бағдарламасының жүргізушісі Бейсен Құранбекке Алматыда жолаушы тасмалымен айналысып жүрген Жетісайлық такси жүргізушісі ақша ұсыныпты. Бұл жөнінде журналист өзінің «фэйсбук» парақшасында жазады. «Мұндай таксист көргем жоқ. Сейфуллин-Гоголь көшелерінің қиылысынан жұмысқа дейін такси ұстағам. Бір Lada тоқтады. Рөлде — жасы жиырма бестің шамасындағы жас жігіт. Мені танып: -«Айтуға оңайды» жүргізетін ағасыз ба? деді. Жетісайдың жігіті екен. Жақында көшіп келіпті. Үй салсам деген ниеті бар екен. Содан ананы-мынаны айтып келе жатқанымызда ол қалтасынан ақшаларын шығара бастады. Бөлек-бөлек екі мың, бір мың, бес мың теңгеліктер. Умаждап сала беріпті. Такси боп тапқаны көрініп тұр. Соларды маған ұсынып, «аға, мынаны алыңызшы» дейді. Көзім банкі болды.
-Әй, батыр, сендей таксист көрсем көзім шықсын. Ол заманда, бұл заман таксистер клиентке қашан ақша беруші еді? деймін ғой. Сөйтсем, «xабарға көмек сұрап келгендерге берерсіз» деп қарап тұр.
Алмадым. «Айналаңда мұқтаж жандар бар шығар, соларға бер» дедім.
Іштей риза болдым.
Әкесіз өскен, қиындықты көп көрген жігіт екен. Құдай да бергенге береді ғой, бұл бауырымның да тілеуін берсе екен, өсіп-өнсе екен деп тіледім» дейді журналист.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*