ОҚО әкімі Ж.Түймебаев, Жетісайдағы көпқабатты үйлерді аралап көрді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы жоспардан тыс Жетісай қаласындағы Т.Жүргенбаев көшесінің бойында ораналасқан көпқабатты тұрғын үйді аралап көріп, тұрғындарымен тілдесті.1978 жылы салынған бұл үйлерде  кәріз жүйесі жүргізілмегенін айт кеткен жөн. тіпті, әжетханалары да сыртта орналасқан. Екі қабатты 24 пәтерлі тұрғын үйдің бүгінгі жағдайын көрген әкім шұғыл түрде төтенше жағдай шараларын қабылдау қажеттігін айтып өтті. Мұнда да тұрғындарға тиісті жағдай жасалмағанына куә болған әкім, кезінде кәріз жүйесіне бөлінген қаржыны мақсатты жұмсамаған азаматтарды тауып, тиісті шара көру жөнінде  аудан әкіміне тапсырма берді.Жетісай қаласында жалпы 171 көпқабатты тұрғын үй бар екенін айта кетейік. Оның ешбірінде кәріз жүйесі жүргізілмеген. Бүгінде бұл үйлердің барлығына кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің ауласына ойын алаңшаларын салып, абаттандыру жұмыстары да жүргізілмек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*