ОҚО әкімі Жұмат Шанин атамыздың ұрпақтарымен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  Жұмат Шаниннің  125 жылдық мерейтойына арналған  «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты еске алу салтанатты кешіне келген қонақтармен кездесті. Олардың қатарында театр тарланының туған немерелері «Түрік әлемінің рухани мұрасы» қоғамдық қорының төрағасы Болат Шанин, Райхан мен Жанат  Қасымханқыздары да бар.Кездесуде сөз алған өңір басшысы биыл облысымызда қазақтың тұңғыш халық әртісі, кәсіби режиссері, драматург Жұмат Шаниннің 125 жылдығына орай  30-ға жуық мәдени  іс-шаралардың  жоғары деңгейде аталып өткенін жеткізді.

«Қазақ халқының  театр өнерін дамытуда  Жұмат Шанин атамыздың   еңбегі ұшан теңіз. Қазақтың біртума перзенті  ұлт театрының негізін қалап,  кәсіби  тұрғыда қалыптастырып, сахналық-шығармашылық жағынан өсу жолында зор еңбек сіңірді.  Театр тарланының 125 жылдығына орай  ағымдағы жылдың басында облыс әкімдігі тарапынан  іс-шаралар жоспары түзіліп, арнайы жұмысшы топ құрылған болатын. Биылғы жылдың сәуір айында Түркістан мен Шымкент қаласының театрларында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының аясында Түркі әлемінің театрлар фестивалі өткізілді», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*