Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 59 гектар жаңғақ пен 7 гектар бадамша егілді. Сондай-ақ, тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың гектарға жетіп отыр. Бұдан бөлек, жылыжайлар көлемі 1294 гектарға артып, республикадағы үлесі 80 пайызды құрады. Бүгін бұл туралы «AGRITek Shymkent-2017» халықаралық көрмесі аясында өткен семинар-кеңесте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.«Ауыл шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізбей жетістікке жету өте қиын. Осы орайда мемлекет тарапынан жаңадан алынатын ауыл шаруашылығы техиникалары мен жабдықтарға 25 пайыздан 50 пайызға дейін инвестициялық субсидялар беріле бастады. Бұдан бөлек, өнімді жоғарлатуға мүмкіндік беретін жағары сұрыпты тұқым мен тыңайтқыштарға арнайы субсидиялар қаралып отыр. Оған қоса, көктемгі дала жұмыстарына 2 пайыз, ал өзге бағыттарға 6-8 пайыз жеңілдетілген несиелер берілуде. Бұл ауылшаруашылығы саласының өнімділігін арттыруына, яғни шаруаның мол және сапалы өнім алуына бағытталған мемлекеттік қолдау болып табылады», -деді Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы 72 аса биік ғимарат толық тексеруден өтті
ОңтүстікҚазақстаноблысыбойынша 72 асабиіккөпқабаттығимаратесепкеалынған. Оның 54-і Шымкент қаласына тиесілі. Солардың бірқатарында қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Избасаров мәлім етті. Басқарма тарапынан ғимараттардың төтенше […]
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің 372 шақырымынан астамы ОҚО аумағынан өтеді
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бас инженері Мыңжасаров Нұрболдың айтуынша, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің облыс арқылы өтетін бөлігінің ұзындығы 372,5 шақырымды құрайды екен. Маман бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен бапсаөз брифингінде […]
ОҚО-ғы бюджеттік мекемелер жылыту маусымына 100 пайыз дайын
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1510 білім беру мекемесі мен 896 денсаулық сақтау нысандары жылу беру маусымына 100 пайыз дайын. Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының […]
Пікір қалдыру