ОҚО әкімі Ұлы жеңістің мерекесіне орай ұйымдастырылған меркелік шарада ардагерлерді биге шақырды

Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты іс-шараны  Оңтүстік жұртшлығы барша сән-салтанатымен өткізді.  Іс-шарада  облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы ардақты ардагерлерді мерейлі мерекемен құттықтай келе, жүрек жарды лебізін жеткізді. Тіптен, мерекеге қатысып отырған қариялармен би билеп, көңілдерін көтерді.

Мұнан соң, Абай саябағындағы «Даңқ» мемориалын ардагерлермен бірге аралап, театралндырылған көріністі тамашалап, мерекелік дастарханға келді.

Дастархан басында  Ж.Түймебаев  ардагерлермен қауышып, саулық сұрасты. Қам көңіл қариялар ағынан жарылып, өзара сыр бөлісті. Әңгіме барысында ардагерлерге алғыстар айтылып, бүгінгі жас ұрпақтың алдында аға буынның өлшеусіз еңбегі де сөз болды.

Осынау сәтті қалт жібермеген  жастар  Жансейіт Қансейітұлын биге тартты.Өз кезегінде облыс әкімі де ҰОС ардагерін құрметпен биге шақырып, вальс биледі. Ал, өнерпаздар болса әннен шашу шашып, қарттардың көңілін бір көтеріп тастады. Іс-шараны ұйымдастырушылар мерекелік басқосулардың алдағы уақытта да  дәстүрлі жалғасын табадытындығын айтып, тарқасты.

Облыс басшысының  үлкенге деген ілтипатын қолдаған  жастар жағы ардагерлермен би билеп, көңіл көтерді.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*