Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көрші елмен қарым-қатынасты күшейту мақсатында бірқатар келіссөздер жүргізіп, іскерлік жиындар өткізді. Мәселен, Елбасының тапсырмасына сәйкес трансшекаралық Өгем өзенінен суды бірігіп пайдалану мақсатында Өзбекстан мемлекетімен келіссөздер жүргізіліп, ауыз су бөліп алуға келісім жасалды. Нәтижесінде, алдағы бес жылда Оңтүстік Қазақстан облысының 700 мыңға тарта халқы бар үш ауданы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.Өзбекстан күнгей кәсіпкерлері үшін 32 миллиондық тұтынушысы бар ең жақын нарық. Сондықтанда тауар айналымын арттырып, кәсіпкерлікті бірлесе дамыту мақсатында наурыз айында Ж.Түймебаев бастаған оңтүстікқазақстандық делегация Өзбекстанға ресми сапармен барған-ды. Нәтижесінде мамыр айында Ташкент тауар өндірушілерінің көрмесі Шымкентте ұйымдастырылып, оған 200-дей кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды.Екі елдің қарым-қатынасын жақсарту мақсатында наурыз айында «Алматы-Ташкент» және «Самарқанд-Ташкент-Астана» бағытындағы алғашқы пойыз жолға шықты. Бұдан бөлек, шілде айында Ташкент-Термез автожолы мен «Сырдария» өткізу бекеті ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент: Мұрат Әйтенов тойханаларға ерекше ұсыныс айтты
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тойханаларға әзірге ресторандар секілді жұмыс істеуді ұсынды. «Тойханалар ресторан секілді ашып жұмыс істеңіздер. Біз түсінеміз. Тойханалардың жұмысының тоқтап тұруы талай шығын. Бірақ ең бастысы — адам денсаулығы. Тойхана ашылып той […]
Оңтүстікте тұсауы кесілген Елбасы туралы кітаптың мазмұны қандай?
Шымкентте тұсауы кесілген Ебласы жайлы «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты кітап үш бөлімнен тұрады. Аталған туындыда «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар жан-жақты қамтылған. Кітаптың екінші бөлімінде Елбасымыздың шетел басшыларымен оңтүстікте […]
Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкерліктің негізін үйренемін деушілер жыл санап артып келеді
Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыссыздардың өз ісін бастауына қолдау бар. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық адам кәсіпкерліктің негіздерін оқып үйренді. Үздік жобалардың дамуы үшін субсидия бөлу де қарастырылған. Бұған дейін жұмыссыздар қатарын толықтырып келген Дүрия […]
Пікір қалдыру