«Ақ алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі корпорациясының президенті А.Өтенұлы алғашқы ақ ұлпаны қабылдауға кіріскендерін айтады. Биыл мақтаның түсімі, талшығының ұзындығы, шитінің сапасы ойдағыдай екенін айта кеткен жөн. Бірақ зертхана тексеруі кезінде мақтаның ластығы мөлшерден көбейіп кетуде. Себебі, терімшілер қауашақ, көк жапырақ, шөп-шаламды араластырып тереді. Сонымен қатар, биыл қол терім бағасы өте қымбат, шаруалар әр кило үшін 25-30 теңге төлеп жатыр. Ал, машина терімі әр гектарға 44 мың теңге деп белгілеп алған.Иә, қазіргі күні көпшілікті бәрінен де мақтаның бағасы қызықтырып отырғаны жасырын емес. Қазір орташа индекстер бойынша мақтаның бір тоннасы 140-тен басталып, 175-200 мың теңгеге дейін көтеріледі деген болжам бар екенін айту керек. Әрине, бұл жерде мақта бағасы Ливерпуль, долар, шит бағасына, (былтыр шиттің бір тоннасы 90 мың теңге болса, биыл 70 мың теңгеден) бәсекелестік ортаға да байланысты екені айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда 35 мың гектар жерге мақта егу жоспарланып отыр
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мамыр айынан бастап шаруалар мақта егу науқанына жаппай кірісіп кетті. Биыл мақтааралдық шаруалар 35 мың гектар жерге ақ алтын шитін себеді деп күтілуде. Ол үшін 1 мың тоннаға жуық тұқымдық шит […]
Мақтааралда 200 мың тонна мақта жиналды
Аудан мақташылары ауа-райының әрбір ашық күндерін тиімді пайдалана отырып, қазірге дейін қырманға 200 мың тонна «ақ алтын» жинады. Гектар өнімділігі әр гектардан 21,4 центнерден түсуде. Жиналған өнімнің 118 мың тоннасы комбайнмен, 82 мың тоннасы қол […]
Мырзашөлдік мақташылар мақта өсіруде тың тәсілдерді қолдана бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында жергілікті әкімдік пен облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен «Мақтарал ауданының жағдайында мақта баптаудың инновациялық әдістерін қолдану» тақырыбында семинар — тренинг өтті.Жиынға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы […]
Пікір қалдыру