Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, заманауи шыны шығаруда шетелден кем түспейтін әрі сәулет құрылысында қолдануға ыңғайлы әйнек шығаратын «Фирма Дана» зауытының өнімімен танысты. Шыңдалған шыны өндіретін зауыт тәулігіне 1700 шаршы метр әйнек шығарады. Жаңа технологияға негізделген шыны қыста үйдегі жылуды сақтаса, жазда бөлмедегі температураны бірқалыпты күйде ұстайды. Бұл шынылардың тиімділігі жылу өткізгіштігінде. Сапар соңында облыс әкімі Ж.Түймебаев «Оңтүстік» индустриалдық аймағы өңірдегі аудан, қалаға үлгі болуы керектігін айтып, онда орналасқан кәсіпорындардың жұмысын оң бағалады. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды атап өтіп, өңірдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып отырған іскер азаматтарға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.Айта кетейік, «Оңтүстік» индустриялды аймақта жалпы сомасы 55,8 млрд теңге болатын бес мың жұмыс орнымен 85 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда мұнда құны 21,4 млрд. теңге болатын 46 жоба іске қосылып, үш мың адам жұмыспен қамтылып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
«Оңтүстік» индустриалды аймағында 58 миллиардтан астам теңгенің жобалары жүзеге асырылған
Жалпы 2010 жылдан бастап қызмет көрсететін «Оңтүстік» индустриалды аймағында жалпы сомасы 55,8 млрд теңгеге, 5 000 жұмыс орны ашылатын 85 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда 21,4 млрд теңге сомасында, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылған […]
ОҚО-да шыны шығаратын зауыт көмірқышқыл газын өндірмек
Оңтүстік Қазақстанда шыны ыдыстарын шығаратын «Еврокристалл» зауыты жұмыс істеу аясын кеңейтуді қолға алып, көмірқышқыл газын өндіруді бастамақ. Ол үшін кәсіпкерлер арнайы итальяндық құрылғыларды сатып алуды жоспарлап отыр. Зауыт қожайынының мәліметінше, көмірқышқыл газын сусындарды газдау үшін […]
«Оңтүстік» индустриялдық аймағында металлургиялық зауыт салынуда
ОҚО әкімі бизнес өкілдерімен болған кездесуде отандық өндірісті дамыта отырып, сыртқы тауарды қыстарту және экспортты ұлғайту мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, индустриялды аймақта орналасқан кәсіпорындар аумағын көгалдандыру мен бос жатқан жерлерді игеру жайы да қаралды. Онда […]
Пікір қалдыру