Оңтүстік тегі «Бадам» индустриялды аймағында жылына 50 мың дана газ плитасын құрастыруға қауқарлы өндіріс орны ашылды. Жобаның құны – 102 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорында қондырғыларды орнату жұмыстары аяқталып, іске қосылған. Жаңа кәсіпорынның жұмысын оң бағалаған облыс әкімі жергілікті билік тарапынан көрсетіліп отырған көмектердің тиімділігіне тоқталды.«Қазақстан мен Өзбекстанның байланысы жаңа деңгейге көтерілді. Күні кеше ғана Елбасымыз Н. Назарбаев Ташкентке ресми сапармен барып, бірқатар жаңа келісімдерге қол жеткізді. Көрші елдің үш облысымен өзара түсіністік меморандумдарына қол қойдық. Жылы қарым-қатынастың алғашқы жетістіктері де көріне бастады. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына жаңа серпін беретін индустриалды-инновациялық жобаларға қаржы салушы инвесторларды қашанда қолдауға әзірміз. Ең бастысы – ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие, өнім өндіретін кәсіпорындардың қатарын көбейтуіміз керек. Бүгінгі біз аралап көрген кәсіпорынның өнімдеріне ішкі және сыртқы нарықтан да сұраныс мол болатынына сенімдімін» , — деді Жансейіт Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО ӘКІМІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫНА 4 МЛН ТЕҢГЕ ТАБЫС ЕТТІ
Шымкент қаласында өткен «Денсаулық-2017» фестивальі аясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Германияның Гамбург қаласында өткен Әлем чемпионатының алтын жүлдегері Қайрат Ералиев пен қола медаль иегері Жомарт Ержанды жеңістерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.Неміс жерінде өткен дүбірлі додада еліміздің […]
Әбдірашит ОМАРОВ: ӘЛЕМДІ АЛАҢДАТҚАН ІНДЕТКЕ БӘРІМІЗ БІР БОЛЫП КҮРЕСУІМІЗ КЕРЕК
Әбдірашит ОМАРОВ, «Шымкент Темір» ЖШС басшысы: -Біз Елбасының Үндеуін қолдаймыз. Қазіргі таңда Үкімет барлық сақтық шараларын қолға алды. Елімізге кіретін күре жолдардың барлығы бақылауда. Келген азаматтар тексеруден өтіп, оқшаулануда. Өзгеге залалын тигізбес үшін бұл азаматтарда […]
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев: Біз білім беру саласында бүкіл еліміздің аймағына үлгі болуымыз қажет
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жастарға арналған интелектуалдық дебат ойындары мен арнайы жастар бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қоса Жансейіт Түймебаев ешбір облыста біздегі сияқты 12 жоғарғы оқу орны мен кәсіптік білім беретін 90 колледждің жоқ екенін […]
Пікір қалдыру