Отырар ауданының 2017-2018 жылғы жылу беру маусымына дайындық шаралары туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов баяндады. Жылыту маусымына дайындық жұмыстарына әр мекеме басшылары мен ауыл округі әкімдері және мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері жауапты екенін ескертті. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының қажеттілігіне байланысты қатты отынмен алдын ала қамтылу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және орындалу барысын бақылауға алуды тиісті сала орынбасары мен ауыл округтері әкімдеріне міндеттеді.Жиын соңында аудан әкімі Ерлан Айтаханов барлық ауыл округінің әкімдері мен бөлім басшыларына тоғыз айдың қорытындысы бойынша белгіленген межені орындауды жүктеді.Баяндамашыларды мұқият тыңдаған аудан басшысы күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелерді жеке қадағалауға алып, орындауды тиісті сала орынбасары мен сала басшыларына тапсырды. Күн тәртібіндегі жұқпалы аурулардың алдын алу шараларының барысын аудандағы халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында апта сайын қарап, қорытындысын баяндап отыруды тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Отырарда қамыс плитасын шығаратын зауыт ашылады
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының Отырар ауданында жүзеге асырылуы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баспасөз конференциясын берді. […]
Ақиық ақын Отырардағы этноауылда аралап көрді
Шіліңгір шілденің ыстығы қайта бастаған шақта аудан басшысы мәртебелі меймандарды «Бестораңғыл» елдімекеніндегі «Алаш» этноауылына бастап барды. Құрметті қонақтарды аудан өнерпаздары «Ақ бантик» әнінің шығу тарихына арналған көрініс ұсынып, ары қарай әнді хормен жалғап қарсы алды. Жеке […]
Рамазан айында Отырарда әр жұмы қайырымдылық шарасы өтеді
Бүгін Отырар ауданының орталығындағы «Керемет» ойын-сауық кешенінде аудандық мәслихаттың депутаттары мен сол аймаққа белгілі елжанды кәсіпкерлердің демеушілігімен қайырымдылық шарасы өтті. Қасиетті Рамазан айының әр Жұмасында өтіп келе жатқан шараның келешек ұрпаққа берер тағылымы мен өнегесі мол […]
Пікір қалдыру