Отырардағы жиында өзекті мәселелер қаралды

Бүгін аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Жиынды аудан әкімі Ерлан Айтаханов ашып, жүргізіп отырды.
Жиынның күн тәртібінде аса жұқпалы инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-эпидепмияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың орындалуы мен Отырар ауданының 2017-2018 жылғы жылу беру маусымына дайындық шаралары туралы мәселелер қаралды.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Рысқұлов баяндама жасап, аса жұқпалы инфекциялық аурулардың алдын алу жұмыстарының барысына тоқталды. Ал, Отырар ауданының 2017-2018 жылғы жылу беру маусымына дайындық шаралары туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов баяндады. Жиында баяндамашыларды мұқият тыңдаған аудан басшысы күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелерді жеке қадағалауға алып, орындауды тиісті сала орынбасары мен сала басшыларына тапсырды. Күн тәртібіндегі жұқпалы аурулардың алдын алу шараларының барысын аудандағы халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында апта сайын қарап, қорытындысын баяндап отыруды тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*