Рамазан айында Отырарда әр жұмы қайырымдылық шарасы өтеді

Бүгін Отырар ауданының орталығындағы «Керемет» ойын-сауық кешенінде аудандық мәслихаттың депутаттары мен сол аймаққа белгілі елжанды кәсіпкерлердің демеушілігімен қайырымдылық шарасы өтті. Қасиетті Рамазан айының әр Жұмасында өтіп келе жатқан шараның келешек ұрпаққа берер тағылымы мен өнегесі мол екенін айта кеткен жөн. Мұндай игі істерге куә боп өскен бүгінгі ұрпақ, мейірімді, отанға деген сүйіспеншілігі мол боп өсеріне үмітіміз мол. Қайырылымдылықты өткізудегі де негізгі мақсат ауыл округтеріндегі аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік және басқа да көмектер беру арқылы оларға нақты қолдау көрсету болып табылады.
Шара барысында Шәуілдір, Қоғам, Арыс, Темір Отырар, Көкмардан ауыл округтеріндегі әлеуметтік жағдайы төмен 35 отбасына екі аптаға жетерлік азық-түлік өнімдері табысталды. Қасиетті айда сауабы мол қайырымдылық жасап, әр шаңыраққа шаттық сыйлаған аудан депутаттары мен кәсіпкерлеріне ауыл тұрғындары алғысын айтып, ізгі лебіздерін білдірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*