Бүгін Отырар ауданында 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Аудан өнерпаздарының сахналық көрінісімен бастау алған шарада аудан әкімі Ерлан Айтаханов қазыналы қарттарымызды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде, «Біз үшін ортамызда жүрген қарияларымыздың кезінде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ұмытылмас тарих, баға жетпес үлгі-өнеге. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету, ата-бабамыз ұстанған дәстүрлерді одан әрі жалғастыру бүгінгі ұрпақтың басты міндеті екендігін айтқан болатын»,-деді. Шара барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Мырзахан Манапов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев, ардагер ұстаз Гүлзейнет Әлмешовалар сөз алып, мерекеге орай өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, қызу құттықтады. Мерекелік шарада қариялар мен ардагерлерге аудан әкімі арнайы Құттықтау хаттары мен заттай сый-сыйапаттар тарту етті. Мерекеге орай арнайы дастархан жайып, құрмет көрсеткен аудан әкімдігіне Соғыс және Еңбек ардагері Сәбит Тұрғанбай қария өзінің ақ батасын беріп, аудан қариялары атынан алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Отырарда қала жастары қой жүнін қырқудан сайысты
Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық кодты сақтау және жүзеге асыру мақсатында «Ауылдағы бір күнім» жобасы өтті. Қала жастарынан құрылған 5 команда ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, […]
Шымкентте көркем гимнастикадан халықаралық турнир басталды
Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған VII халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Бүгінгі жарысқа Израиль, Қырғызстан, Ресей, Белорусия, Өзбекстан, Жапония, Вьетнам және Қазақстан құрамасының 100-ге жуық спортшылары екі […]
Отырар аудандық жергілікті полицияның бастығы қоғамдық кеңесте есеп берді
Бүгін қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Медет Бөрібеков 2017 жылдың І жарты жылдығында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Елбасымыз […]
Пікір қалдыру