Кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі:
- -қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатындығынан;
2. — елдің әлемдік экономикаға енуіне мүмкіндік туғызатындығынан;
3. — әлдеқайда тұтасқан ұлттық өзгешелікке қол жеткізетіндігіне;
4. -қазақстан қоғамының басын біріктіретіндігінен;
5. -қазақша сөйлейтіндердің санын көбейтетіндігінен;
6. — қазақ тілінің мәртебесін биікке көтеретіндігінен;
7. — көптеген шетелдермен өзара қарым-қатынас жағдайында жұмыс жасау мүмкіндігін арттыратындығынан;
8. — интернетті игеруді жеңілдететіндігінен;
9. — ағылшын тілін меңгеруді оңайлататындығынан;
10. — бүлінген емлемізді, ережемізді, орфографиямызды түзейтіндігінен;
11. -тіліміздегі жазу сауаттылығын арттыратындығынан;
12. — емле, лексика, орфоэпия, орфография мәселелерін жөнге келтіретінінен;
13. -дүниежүзіндегі техникалық құрал-аспаптарының латын әрпіне негізделуінен;
14. — түркі халықтарының латын таңбаларына негізделген ортақ әліпбиіне көшетіндігінен;
15. -тауарлардың көпшілігінде ақпараттық жазулар латын тілінде жазылғандығынан;
16. — компьютерлік техникалардың көпшілігінің латын тілінде жұмыс істеуінен;
17,-тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптердің қысқартылатынынан;
18. — сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алатындығынан;
19. -қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратынынан;
20. — оның балабақша мен бастауыш мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үдерісін жеңілдететіндігінен;
21. — уақыт та, қаржы да үнемделетіндігінен;
22. — қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылатындығынан;
Құлахмет Молдабек –педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Пікір қалдыру