«»Жас Отан» ЖҚ-ның ОҚО филиалындағылар есеп берді

2017 жылы 19 қыркүйек күні «Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының IV-ші есеп беру – сайлау конференциясы өтті. Конференцияға облысымыздың 11 аудан, 4 қаласынан 300-ге жуық делегат қатысты.«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының IV есеп беру — сайлау конференциясының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

1. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау;

2. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ІV Съездіне делегаттар сайлау;

3. «Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының 2015-2017 жылдары аралығында атқарған жұмысы туралы.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық орталығының директоры, «Жас Отан» ЖҚ облыстық кеңесінің мүшесі Рыхсыбай Мамедов, белгілі ақын Байтуов Біржан Ғаниұлы баяндама жасап, ұтымды ойлар айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе: «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ІV Съездіне Оңтүстік Қазақстан облысынан 60 делегат сайланды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе: «Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының 2015-2017 жылдары аралығында атқарған жұмысы туралы «Жас Отан» ЖҚ ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Молдабеков есеп берді. Есеп қорытындысы бойынша конференцияға қатысушы делегаттар, облыстық филиалдың атқарған жұмысы бойынша есепке жақсы баға берді.

Сонымен қатар, конференция делегаттары тарапынан мемлекеттік жастар саясаты саласындағы атқарылып отырған бағдарламалар, «Жас Отан» ЖҚ іске асырылып жатқан жобалары бойынша ұсыныстар айтылды.

Конференция қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*