Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 1774 Аналар кеңесі рухани жаңғыру аясында Оңтүстік Қазақстан облысында бас қосты. Шымкент қаласындағы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы универ¬ситетінде жиналған аналар «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудағы Аналар кеңесінің рөлін талқылады. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орын-басары, хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Бас прокуратурасы мен ҚХА қызметкерлері, ғалымдар, республикалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, барлық облыстардағы Аналар кеңестерінің төрайымдары қатысты.«Бүгінде біздің қоғамдағы аналарымыз елімізде болып жат¬қан барлық жағымды жаңалықтарға, қо¬ғам¬дағы өміршең өзгерістерге, идеялық-саяси, әлеуметтік-мәдени жұмыстарға, мемлекеті¬міздің бүкіл тыныс-тіршілігіне белсене ара¬ласып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, біздегі жалпы мемлекеттік қызметшілердің тең жартысынан астамы әйелдердің үлесіне тиеді екен. Бұл – үлкен көрсеткіш, жоғары нәтиже, жақсы¬лықтың нышаны. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Аналар кеңесін құру елдігімізге тән, тарихи дәстүрімізбен тамырлас бастама болып табылады.Өйткені, ананың ақ батасымен елдің көсегесі көгерген, оның бір ауыз сөзімен ел ішін алатайдай бүлдірген небір өнбес дауларға нүкте қойылған», — деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да дағдарысқа қарсы штаб отырысында жалақы қарызы қаралды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садырдың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар өңірдегі кәсіпорындар мен мекемелердегі қордаланған жалақы қарыздарын жою мәселесін қарады.Мәжілісте сөз алған облыстық еңбек инспекциясы […]
ОҚО-да ауыз су жүейсін жөндеуге бюджеттен 5 миллиардқа жуық қаржы бөлінген
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық және облыстық бюджет есебінен 4,7 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 25 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 5 елді мекен халқы жаңа ауыз су құбырларымен қамтылса, 3 елді […]
ОҚО-да 600-ден астам кооперативтер құрылады
Елімізде биылғы жылы қабылданған «Агроөнеркәсіптік кешенін 2017 – 2021 жылдарда дамытуға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 473 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Бұл кооперативерге 52 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары бірікті. […]
Пікір қалдыру