2017 жылдың 13 қазан күні, «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» атты форумы өткізілді. Форумды Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды.Алғаш сөз кезегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры т.ғ.д. Айменов Жамбыл Талхаұлы форумды ашып берді. Сонымен қатар Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі — М.О. Қалмұратов, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты, «Ел бірлігі» депутаттық тобының жетекшісі — Ә.Ү.Досболов, Мемлекет және қоғам қайраткері — Ш.М. Мырзахметов, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамы, облыстың бас имамы — А.П.Керімбек сөз алып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор, Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлының «Алғыс хатымен», Облыс әкімінің арнайы грамотасымен, Облыстық мәслихаттың арнайы грамотасымен марапаттап, концерттік бағдарламалар орын алды.
Ұқсас жаңалықтар
Сайрамда ауыл жастарының форумы болып өтті
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында ауыл жастарының форумы өтті. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбымен өткен жиынға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев, […]
ОҚО-да еңбек өтілі 475 жыл болатын теміржолшы Жаңабаевтар династиясы тұрады
Арыс қаласында теміржол саласында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып еңбек етіп келе жатқан Жаңабаевтар әулеті өмір сүреді. Өткен жылы «Үздік еңбек әулеті» номинациясын жеңіп алған арыстық отбасындағы 17 теміржолшының саладағы жалпы еңбек өтілі 475 жылды құрайды. Темір жол […]
ОҚО-да мейірбикелер марапатталды
12 мамыр – Халықаралық Мейіргерлер күніне арналған мерекелік іс-шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Ә.Тұрғымбеков, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева, «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрайымы Р.Ағниязова […]
Пікір қалдыру