ОҚО-да мейірбикелер марапатталды

12 мамыр – Халықаралық Мейіргерлер күніне арналған мерекелік іс-шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Ә.Тұрғымбеков, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева, «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрайымы Р.Ағниязова мен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Егізбаев қатысты.


Облыстың денсаулық сақтау саласына тиісті деңгейде көңіл бөлінуде. Жыл сайын медициналық мекемелер жаңарып, жаңа ғимараттар ел игілігіне беріліп жатыр. Мамандар тапшылығы азайып, медицина қызметкерлерінің біліктілігін ұдайы арттыру жолға қойылған. Бюджет есебінен жыл сайын 6 мыңнан астам медицина маманы білімдерін жетілдіреді.
Денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыс тұрғындарының орташа өмір сүру жасы 71,9-ға ұлғайды.
Жыл сайын облыс тұрғындарының 438 мыңы ауруханада ем алады. Әрбір азамат жылына кем дегенде 4 реттен емханаға қаралады. Ал, жедел жәрдем көмегіне 1 миллионнан астам адам жүгінеді. Тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек түрлерінің қашанда сапалы болуына облыс бойынша 22 мыңнан астам мейіргер қомақты үлес қосып келеді.
Мерекелік шарада орта буын медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, еселі еңбектеріне алғыс білдірілді. Бірқатар мейіргерлерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалдары, облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, облыстық мәслихаттың Алғыс хаттары, «Нұр Отан» партиясының грамоталары табысталды. Олардың қатарын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және министрліктің Құрмет грамоталарымен, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамоталарымен, «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталған мейірбикелер толықтырды.
Жыл сайын мереке қарсаңында мамандар арасында ең үздіктерді таңдау сайысы өткізіледі. Биыл да жалғасын тапқан дәстүрлі байқаудың жеңімпаздары 2017 жылдың үздік мамандары арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, сайысқа қатысқан 30 медицина маманына «Ақсу-Жабағылы», «Біркөлік» және «Денсаулық» шипажайыларына жолдамалар табыс етілді.

«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен
1. Күлзада Кенжебекова – облыстық консультативтік диагностикалық медициналық орталығының бас мейірбикесі;
2. Күнсұлу Жапабаева – облыстық клиникалық ауруханасының бас мейірбикесі.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің құрмет грамотасымен
1. Паризада Жабаева – №4 облыстық перинаталдық орталығының акушер-дәрігері;
2. Гүлбахира Асанова – Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығының мейірбикесі;
3. Гүлнишан Құрбанова – №6 Шымкент қалалық емханасының мейірбикесі;
4. Айнағыз Арыстанова – Бәйдібек аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі;
5. Жамила Базарбаева – Ленгір қалалық ауруханасының мейірбикесі.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен
1. Әуескүл Сүйеубекова – облыстық клиникалық ауруханасының ем қабылдау жұмыстары бойынша бас мейірбикесі;
2. Мәрзия Омарова – Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас мейірбикесі;
3. Қарлығаш Жақаева – №4 Шымкент қалалық емханасының мейірбикесі;
4. Галина Темирбулатова – Арыс аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі;
5. Дүрия Әшірбекова – Сайрам аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының құрмет грамотасымен
1. Әйкерім Тоқтыбаева – «Ана мен бала» оңалту орталығының мейірбикесі;
2. Раушан Оспанова – облыстық тері-венерологиялық диспансерінің мейірбикесі;
3. Адолат Шерметова – №1 Шымкент қалалық ауруханасының мейірбикесі;
4. ГүлжаҺан Өтешова – Созақ аудандық емханасының мейірбикесі;
5. Ләззат Естемесова – Төлеби ауданы, «Абай» дәрігерлік амбулаториясының аға мейірбикесі

«Нұр Отан» партиясының грамотасымен
1. Жамила Қалыбекова – облыстық балалар ауруханасының мейірбикесі;
2. Ғанижамал Бөрікбаева – облыстық наркологиялық орталығының мейірбикесі;
3. Күлдар Арысбекова – Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының аға мейірбикесі;
4. Айткүл Байымбетова – Отырар аудандық емханасының мейірбикесі;
5. Зухра Шапулатова – Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен
1. Равза Салимова – Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас мейірбикесі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен»
1. Айнур Бөрібекова – №6 Шымкент қалалық емханасының мейірбикесі;
2. Гүлмира Исманбекова – облыстық клиникалық аурухананың ота бөлімінің мейірбикесі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Алғыс хатымен»
1. Айнұр Мұртаза – Ордабасы аудандық орталық ауруханасының акушері;
2. Ұлжан Есенбаева – Шымкент медициналық колледжінің оқытушысы.

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамотасымен
1. Сәуле Тажманова – облыстық офтальмологиялық ауруханасының бөлімше аға мейірбикесі;
2. Қаламқас Рсымбетова – облыстық жүйке аурулары диспансерінің бас мейірбикесі;
3. Гульнара Мирзамсеитова – «Қарлығаш» туберкулезге қарсы шипажайының мейірбикесі;
4. Гулбибі Ержігітова – №3 Шымкент қалалық емханасының мейірбикесі;
5. Нурипа Болтаева – Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі.

«Ең үздік бас мейірбике» – Бибигүл Илебаева, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас мейірбикесі;
«Ең үздік мейіргер» – Ерболат Тұрысбеков, Төлеби аудандық емханасының мейіргері;
«Ең үздік акушер» – Гүлжан Жаңаназарова, Ордабасы аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі;
«Ең үздік фельдшер» – Гузаль Ташпулатова, Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының фельдшері;
«Ең үздік хирургиялық бейіні бойынша мейірбике» – Гүлмира Дәулетбекова, облыстық клиникалық ауруханасының мейірбикесі;
«Ең үздік терапиялық бейіні бойынша мейірбике» – Қатира Есполғанова, облыстық кардиология орталығының мейірбикесі;
«Ең үздік бастапқы медициналық санитарлық көмек мейірбикесі» – Вазира Фузайлова, №5 Шымкент қалалық емханасының мейірбикесі;
«Ең үздік функционалдық диагностика мейірбикесі» – Жеңіс Сәлібеков, облыстық балалар ауруханасының мейіргері;
«Ең үздік зертханалық-диагностика маманы» – Бахыт Болатбекова, облыстық консультативтік диагностикалық медициналық орталығының зертханашысы

«Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен:
1. Эльвира Құлымбет – облыстық офтальмологиялық ауруханасының кәсіподақ ұйымының төрайымы;
2. Сәуле Жанбаева – №6 Шымкент қалалық емханасының кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен
1. Нұралы Мейрбеков – №7 Шымкент қалалық емханасының мейіргері
Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының Құрмет Грамотасымен
1. Динара Есалиева – Шымкент медицина колледжінің медбикесі;
2. Рупияш Байташева – Ордабасы аудандық емханасының учаскелік мейірбикесі;
3. Жұпар Нышанова – Ленгір қалалық емханасының химизаторы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*