Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Фирма Сакен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт фермасына барып жұмысымен танысты. Айта кетейік, серіктестік басшысы Байгазиева Шаркул. Сүт өндірумен айналысатын серіктестіктің 2000 жылы негізі қаланған. Қазіргі таңда, мұндағы шаруалар иелігіндегі 1592 га жерде 2642 бас (оның 595 ірі қара, 2047-сі уақ мал) мал бағып отырғанын да айта кету керек.Заман талаптарына сай, нарықтағы бәсекелестікке төтеп беру үшін серіктестік бүгінде озық технологияны қолданып отыр. Соның арқасында саялы Сарыағаш ауданы тұрғындарын сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жылына 720 тонна шамасында сүт өнімдерін дайындайды. Бұл өз кезегінде аймақтағы жұртшылықтың сұранысын біршама қанағаттандырады. Сонымен қатар, серіктестік 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұндағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 50,0 мың теңге. Яғни, Сарыағаш ауданындағы орта және шағын кәсіпкерліктің де көкжиегі кеңге жайылып келеді деуге әбден болады.
Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалды
Түркістан облысының әкімі болып Шүкеев Өмірзақ Естайұлы тағайындалды – деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Түркістанда өткен актив жиналысына Үкімет басшысы Асқар Мамин арнайы келіп қатысты. Облыстың жаңа басшысын көпшілікке таныстырған Асқар […]
Ж.ТҮЙМЕБАЕВ: «ҚАЗЫҒҰРТ ҚАРЫШТАП ДАМИ БЕРМЕК»
Қазығұрт ауданының бүгін тойланып жатқан 90 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қазығұрт – адамзаттың рухани шыңы» атты ғылыми-теориялық конференцияда өңір басшысы осылай деді. «Түркістан облысындағы көрікті әрі табиғаты бай Қазығұрт ауданының мерейлі мерекесі бәрімізге ортақ. Мақсат […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЮНЕСКО ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының делегациясымен кездесті. Аймақ басшысы топ құрамын бастап келген ЮНЕСКО-ның Париждегі тарихи қалалық ландшафттар жөніндегі кеңесшісі Кристина Иамандиге өңіріміздегі жаңалықтардың жайын хабарлап, делегацияның жаңадан жаңарып, жаңғыруға кіріскен […]
Пікір қалдыру