Шымкентте «Сити-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің асфальт, бетон зауыты іске қосылды. Жобаның құны 350-360 миллион теңге ге бағаланып отыр. Өндіріс орнының іргетасы 2015 жылы қаланып, осы жылдың қыркүйек, қазан айларында толық қуаттылығына шығып, өнім өндіре бастаған. Қазіргі таңда, зауыт бір сағатта 100 тонна асфальт пен 60 куб бетон шығара алады. Зауыттың заманауи құрылғыларын Түркиядан алдырыпты.«Қазір шетелден әкелінген жабдықтарда жергілікті тұрғындар жұмыс істеп жатыр. Әзірге бір кезеңмен жұмыс істеп отырмыз. 5 адамды жұмысқа қабылдадық. Ал, асфальттің 4-5 түрін шығарудамыз. Заманауи құрал жабдықтардың арқасында өндіріс кезінде экологияға зиян келтірмейміз» дейді зауыт директоры Фахриддин Ахметов.Иә, қазірде зауыт «Сити-Строй» компаниясы облысымызда салып жатқан құрылыс нысандарын асфальт, бетонмен қамтамасыз етіп отыр. Болашақта, өндірілген өнімді сатуға шығаруды да жоспарлауда. Сонымен қатар, өндіріс орнына жеткізілетін шикі заттар да өзімізден алынады. Мәселен, асфальтке қосылатын битумды Төлеби ауданынан жеткізсе, оған қосылатын тастар компанияға қарасты карьерден әкелінеді.
Ұқсас жаңалықтар
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңадан құрылған Тұран ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында аудан әкімі Боранбай Булатбеков атқарылған жұмыстарын айтып, жоспарларымен бөлісті. Аудан аумағында 220 мыңнан астам халық тұрады. Жер көлемі 36 600, 0 гектарды […]
Шымкентте балаларды балабақшамен қамту 95 пайыздан асқан
Шымкент қаласында білім басқармасына қарасты 701 мекеме жұмыс жасайды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева мәлімдеді. Оның ішінде 158 мектеп, 501 балабақша бар. Ал, жалпы […]
Шымкенттіктер жөндеуге жұмсалған қаражатты қайтара бастады
Шымкент қаласында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша үйлері қалпына келтірілген тұрғындар жөндеуге жұмсалған қаражатты қайтара бастады. Бұл жұмыс 2014 жылдан бері жалғасып келетінін айта кету керек. Дегенмен, тұрғындар бұл іске биыл ерекше белсенділік көрсетті […]
Пікір қалдыру