Оңтүстіктің қызанағы мен қияры Ресейге экспортталуда

Ордабасы ауданы, Бадам ауылындағы «Аделя» жылыжай кешенінің көлемі 16 гектарды құрайды. Оның 5 гектары 2011 жылы, ал 11 гектары 2014 жылы іске қосылған. Жалпы жобаны «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландырыпты.Нақтырақ айтсақ, аталмыш ұйым 2011 жылы 440 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие берсе, 2013 жылы 2,2 миллиард теңге тағы бөлген.«Қызанақтарды теру маусымында 180 адамға дейін жұмысқа қабылдаймыз. Жұмысшылардың орташа жалақы мөлшері 80 мың теңге. Ал, өнімнің 90,95 пайызын Ресейдің теріскейіндегі Нововсибирск, Красноярск, Барнауыл секілді облыстарына экспортқа шығарамыз. Ал, бізде сұраныс аздау. Сонымен қатар, Астана мен Алматы қалаларына да сұранысқа қарай қызанақ, қиярлар жеткізіп отырамыз»,- дейді «Аделя» жылыжай кешенінің директоры Бақтияр Асылбек. Қазірде «Аделя» шаруа қожалығында 16 гектар жылыжай болса, оның 10 гектарына қызанақ, қалғанына қияр отырғызылған. Голландиялық тәсілмен өсірілетіндіктен көктем де және күзде, жылына 2 рет өнім алады екен. Ал, бір терімде 4-4,5 мың тоннаға дейін, яғни гектарына 300, 350 центнерден өнім алады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*