ОҚО әкімі ауылшаруашылығы өнімдерін мол өндірген аудан, қалаларды марапаттады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, «AGROFEST-2017» фестивалінде түрлі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруден І орын алған озат аудан, қалаларды атап, арнайы мүсін мен облыс әкімінің сертификаттарын табыстады. Мәселен, астық өндіруде Қазығұрт ауданына ешкім тең келмесе, сүт өндіруден Сайрам ауданы, мақсарыда Төлеби, мақта бойынша Шардара ауданы болса, көкөніс жинаудан Сарыағаш аудандары үздік деп танылды. Ал бақша өнімдерін жинау бойынша мақтаралдықтар көш бастаса, жеміс-жидекте Түлкібас, озық инвестициялық жобаларды іске асыруда Бәйдібек ауданы, тамшылатып суғару технологиясын ендіру бойынша Түркістан қаласы ие болса, «Сыбаға», «Алтын Асық»  бағдарламасының орындалуы жөнінен отырарлықтар ерледі.Оңтүстік Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы саласының еңбеккерлері де биылғы жылды толағай табыстармен аяқтап отыр. Өйткені өңірде  ірі қара мал саны өткен жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға, қой мен ешкі 1 пайызға,  жылқы   19,5 пайызға артқан. Өңірдегі мал басының өсуіне «Сыбаға» бағдарламасы да өз септігін тигізіп отыр. Аталған бағдарламамен  биылдың өзінде 13 087 бас мал сатып алынса,  «Алтын асық»  аясында  23 352 бас қой,  «Құлан» бағдарламасы аясында 2 366 бас жылқы сатып алынған. Мал басын сатып алуда Оңтүстік өңірі республикада 1 орыннан көрінді.  Сондай-ақ биыл  облысымызда жаңадан 2 419  шағын бордақылау алаң мен  656  жанұялық сүт және 22  отбасылық құс фермасы, 10 балық шаруашылығы іске қосылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*