Облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жас ақындар арасында «Жыр тұнған жүрек» облыстық жыр мүшəйрасы өтті. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға өңіріміздің аудан, қалаларынан 28 жас жазба ақындар қатысып, егеменді ел жетістіктері мен облыстың қадір-қасиетін жырға қосты.«Тəуелсіздігім-тірегім», » Оңтүстігім-жыр елім» тақырыптары аясында өлең өрген жас сөз зергерлерінің шығармалары сарапқа салынып бас жүлде М.Əуезов атындағы ОҚМУ студенті Нүркен Нұрғазыға берілді. Бірінші орынды төлебилік Қанығали Боранбай иемденсе, екінші орын М.Əуезов атындағы ОҚМУ студенті Бекзат Нұртайдың еншісіне бұйырды. Үшінді орынға Отырар ауданы, Шəуілдір ауылынан Балнұр Балтабайқызы ие болды. Жеңімпаздарға облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының директоры Əділханов Нұрлан Ыдырысұлының алғыс хаты жəне қаржылай сыйлықтар табысталды.«Қаншама ақыны мен дарыны туған күнгей өлкенің жас таланттарын ел ішінен іздеп табу, оларға қолдау көрсету облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының негізгі міндеті болса, ағымдағы жылдың 20-31 қазан аралығында өткізілген жыр мүшайрасының да мақсаты қаламынан қара өлең тудырған жаңа толқын ақындарды тану, іріктеу, аға буын өкілдерімен пікір алмастыра отырып, шығармашылық ізденісті арттыруға жағдай жасау. Шара алдағы уақытта дəстүрлі түрде өтіп отырады»-дейді, аталған орталық директорының орынбасары Жорабеков Берік Əбдіқадырұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 438 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды
Оңтүстік Қазақстан облысында 500-ге ұсақ шаруашылық мүшелерінен құралған 438 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев әкімдікте өткен мәжілісте мәлім етті. «Еліміздің Ауыл шаруашылығы, Әлеуметтік даму министрлігі және Оңтүстік Қазақстан облысы […]
КӘСIПТIК БIЛIМ АЛУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Елбасы «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауында «Бiздiң мiндетiмiз – бiлiм берудi экономикалық өсудiң жаңа моделiнiң орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабiлетiн және өз бетiмен iздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» дей […]
ОҚО-да жұмыссыздар зауыттар мен фабрикаларда қайта даярлаудан өтеді
Енді шымкенттік жұмыссыздардың жергілікті зауыттар мен фабрикаларда қайта даярлаудан өтіп, тың кәсіпті меңгеруге мүмкіндіктері бар. Қанатқақты жобаға алғаш болып тоқыма өндірісімен айналысатын кәсіпорындар қолдау көрсеткен. Өйткені басқаларға қарағанда дәл осы салада кәсіби мамандардың жетіспеушілігі байқалады. […]
Пікір қалдыру