Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында айқындалған міндеттердің бірі — қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшірудің мәні мен маңызын түсіндіру мақсатымен бүгін аудандық жастар орталығы дөңгелек үстел өткізіп, белсенді жастармен кездесті. «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында өрбіген бұл басқосуға аудандық тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нүркен Әліпбек, «Ордабасы оттары» газетінің редакторы Нуриддин Шәмші, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арсен Ахметов қатысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап, әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп жарқын болашаққа бағдар жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның латынға көшуі жайлы жоспарына тоқталып, нақты тапсырмалар берген болатын. Осы орайда Ордабасы ауданының жастары мемлекетіміздің төл әліпбиін қолдайтынын айтып, жеткіншектер арасында белсенді түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізетіндерін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
ЖАСТАР – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ
Түркістан қаласының жастары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Жастар рухани жаңғырудың жаршысы» атты қалалық жастар форумында бас қосты.Форумға қала әкімі Ә.Өсербаев өзі қатысып, кемел келешектің сенімін арқалаған жастарға жігер беріп, […]
Ордабасы ауданында түрлі салаға жауаптылар 6 айдың есебін берді
Ордабасы ауданы әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге орай, алдымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Сихымбаева сөз алып, аудан бюджетінің атқарылуын кеңінен талдады. Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ф.Тәшімова, жергілікті полиция […]
АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА ЖАСТАР САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкентте «Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» тақырыбында өңірлік форум өтуде. Форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қ.Қыдырәлі, қала әкімі М. Әйтенов арнайы қатысып, азаматтық қоғам белсенділерінің диалог алаңын […]
Пікір қалдыру