26-қазан күні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Елбасы бұл жөнінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында : «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Тарихи маңызды құжаттың қабылдануына орай, Ордабасы ауданы әкімдігінде алқалы жиын өтті. Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлесін қосып, жемісі мен жеңісін әкелетіні жөнінде айтты. Ардагер-ұстаз Нұридин Шәмшіұлы ендігі кезекте тіліміздегі дыбыстық жүйелердің нақ анықталып, қолданысындағы артық кірме сөздерден арылатын кезең туғанын әңгімеледі. Сонымен қатар, Қажымұқан ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Жүсіп те сөз алып, ойын ортаға салды.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасы ашылғанда «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» орталық қажетті бөлмелермен қамтамасыз етілген
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында ашылған орталық ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін болады. Ашылу салтанаты барысында жобаның жетекшісі С.Тұрсынбекова […]
Ордабасыда әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында Ордабасы ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды.Бастаманы қолға алудағы мақсат — отбасы, ошаққасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Орталықта ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар […]
Ордабасыда 10 азаматқа арнайы құралдар табысталды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, бүгін аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков 10 азаматқа сурдо-тифлотехникалық құралдар табыс етті. Жалпы Ордабасы ауданы бойынша 62 […]
Пікір қалдыру